logo

София Актаева: Финалда маған шыдамдылық жетіспеді

София Актаева: Финалда маған шыдамдылық жетіспеді

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалындағы өнеріне қатысты пікір білдірді.

Еске салайық, отандасымыз рапирамен семсерлесуден күмістен алқа тақты.

«Әрине, мақсат — алтын медаль еді. Дегенмен көңіл күйім жақсы, қуаныштымын. Енді бұрынғыдан да көп еңбектену қажет.

Финалда маған шыдамдылық жетіспеді деп ойлаймын. Сәл асығыстық таныттым.

Алда — Қазақстан чемпионаты тұр. Одан кейін қай турнирлерге қатысатынымды шешеміз», — деді Актаева.


Сурет: Нұрғали Жұмағазы