logo

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан жалпы есепте 7-ші орынға түсті

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан жалпы есепте 7-ші орынға түсті

19 қараша күні Қазақстан спортшылары Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль олжалай алмады. Ел қоржынына семсерлесуден күміс, күрестен қола медаль түсті.

Осы сәтті Бахрейн мен Сауд Арабиясы командалары тиімді пайдаланды. Қазір олардың еншісінде тиісінше 13 және 12 алтын медаль бар. Ал Қазақстан жалпы медальдық есепте 7-орынға төмендеді.

Көш басында әлі де сол командалар тұр — Түркия, Өзбекстан және Иран.