Айдар Махметов Саралапов пен Серікұлы арасындағы жекпе-жек туралы: Тамерлан аздаған фаворит көрінеді, бірақ Тимур өз жерінде өнер көрсетеді

Бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері, грэпплингтен әлем чемпионы Айдар Махметов Семейде өтетін NAIZA турнирінің басты жекпе-жегі — Тамерлан Саралапов пен Тимур Серікұлы арасындағы титулдық кездесуге қатысты өз болжамын айтты.
— Жеңілмеген Тамерлан Саралапов пен мықты Тимур Серікұлы арасындағы айқас үлкен қызығушылық тудырады. Универсалдық тұрғысынан қарасақ, Саралаповтың мүмкіндіктері кең — ол әрі стойкада, әрі партерде жақсы жұмыс істей алады. 7 жекпе-жек — 7 жеңіс, бұл сөзіме дәлел. Бірақ бір ғана сұрақ бар: осы жекпе-жектердің ішінде тек Эльжан Гасановпен болған кездесу ғана екінші раундтан ары өтті. Оның жекпе-жекті ерте аяқтауға деген ұмтылысы оны көрермен үшін тартымды спортшы етеді.
Ал Тимур — шымыр, тепе-тең дайындалған файтер. Бірақ ол да бес раундтық айқастарда әлі күш сынаспаған. Жалпы алғанда, Тамерлан аздап фаворит көрінеді, бірақ Тимур өз жерінде — оны бүкіл Арена қолдайтын болады. Сондықтан, менің ойымша, бұл жекпе-жекте екі спортшының да мүмкіндігі 50/50. Бірақ анық нәрсе — біз өте қызықты айқасты көретін боламыз!
Айта кетейік, бұл кездесу NAIZA турнирінің басты жекпе-жегі болмақ. Турнирдің барлық жекпе-жектері тікелей эфирде Sport+ арнасынан көрсетіледі.