logo

Айдар Махметов Перейра – Анкалаев жекпе-жегі туралы: Жекпе-жек қанша ұзаққа созылса, Магомедтің жеңіске жету мүмкіндігі сонша азаяды

Айдар Махметов Перейра – Анкалаев жекпе-жегі туралы: Жекпе-жек қанша ұзаққа созылса, Магомедтің жеңіске жету мүмкіндігі сонша азаяды

Танымал сарапшы, ММА спорт шебері Айдар Махметов арнайы Sport+ үшін алдағы UFC турнирінің басты жекпе-жегі — Алекс Перейра мен Магомед Анкалаев арасындағы кездесуді талдады:

«Перейра чемпиондық белбеулерге керемет жолмен жетті, өткен жылы ол үш рет титулын қорғады, оның екеуінде қысқа мерзімді дайындықпен шықты. Алекс — промоушеннің басты жұлдыздарының бірі. Анкалаев тағы бір титулдық мүмкіндік алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Медиялық тұрғыдан UFC үшін Перейра қызығырақ. Менің ойымша, бұл жекпе-жек Перейраның мансабындағы ең қиын кездесулердің бірі болмақ. Ол үлкен әуесқойлық және кәсіби тәжірибеге ие. Бірақ жекпе-жек қанша ұзаққа созылса, Анкалаевтың жеңіске жету мүмкіндігі сонша азаяды, өйткені Перейра раундтан раундқа қарқын алып, күшейе түседі», — деді танымал маман. 

Жекпе-жекке толық талдауды төмендегі плеер арқылы көре аласыз.