logo

Жалғас Жұмағұлов: Бізде жігіттер NAIZA-да жеңіске жетіп, бірден „Дана Уайт, маған келісімшарт бер“ деп айқайлайды

Жалғас Жұмағұлов: Бізде жігіттер NAIZA-да жеңіске жетіп, бірден „Дана Уайт, маған келісімшарт бер“ деп айқайлайды

Қазақстандық ММА жауынгері, UFC-дің бұрынғы өкілі Жалғас Жұмағұлов Sport+ арнасындағы «Один на Один» бағдарламасына берген сұхбатында Қазақстандағы ММА туралы пікірін білдірді.

«Қазақстандық ММА-ға өте қиын, бізде адамдар ақша төлеуге дайын емес. Мен түсінбеймін, неге біздің спортшылар көбіне Қазақстанда ғана төбелеседі, неге АСА-да емес, мысалы? Себебі ол жақта қарсыластар мықты. Ал NAIZA-да бір жекпе-жекте жеңіп, „Дана Уайт, маған келісімшарт бер“ деп айқайлайды. Менің кеңесім — алдымен ТМД аумағында жұдырықтасып көру. Шынайы қараңыздар, жекпе-жектерге белгісіз үндістерді әкеледі, сондықтан UFC-ге Қазақстан арқылы жету қиын деп ойлаймын. Әрине, 1-2 жекпе-жекті осында өткізуге болады, бірақ кейін ТМД елдеріне барып, мықтылармен айқасқан дұрыс», — деді 35-жасар жауынгер. 

Жалғас Жұмағұловпен толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.