logo

Жалғас Жұмағұлов арманындағы жекпе-жегін атады

Жалғас Жұмағұлов арманындағы жекпе-жегін атады

Қазақстандық MMA жауынгері, UFC-дің бұрынғы спортшысы Жалғас Жұмағұлов Sport+ эфиріндегі «Один на Один» бағдарламасына берген сұхбатында алдағы жоспарлары мен арманындағы жекпе-жегін атады.  

«Ертең не болатынын айта алмаймын. Қазіргі жоспарым — Oktagon лигасының белбеуін жеңіп алу, содан кейін UFC-ге шақыру болады ма, көреміз. Егер шақырмаса, карьерамды аяқтауым мүмкін. Арманым — соңғы жекпе-жегімді Ақтөбедегі стадионда өткізу. UFC маған нақты жоқ деп айтқан жоқ, күтуімді, дайын болуымды айтты. Мен танымал қарсыластарға ауысып шығуға дайынмын, бірақ жас спортшылар менен қашады. Сондықтан алдымен белбеу ұту керек, сонда бәрі басқаша болады», — деді Жұмағұлов.

Жалғас Жұмағұловпен толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.