«Айдаһарлар» чемпиондықты ресімдей ме? «Порту» – «Алверка» матчының трансляциясы
Португалия чемпиондығын ресми түрде иелену үшін «Портуға» «Алверкаға» қарсы матчта жеңіс қажет.
Франческо Фариоли шәкірттері бұл ойынға жақсы көңіл күйде келіп отыр. Оған қоса, бірінші айналымда осы қарсыласын ірі есеппен жеңгені де сенімділіктерін арттыра түседі.
Мүмкін, Португалияның жаңа чемпионының есімін біз 2 мамырдан 3 мамырға қараған түні, сағат 00:30–да білетін шығармыз.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.