«Фенербахче» Чемпиондар лигасына жолдама үшін күресте. «Фенербахче» — «Башакшехир» ойынының тікелей эфирі
Өткен турда «Галатасарайдан» жеңілгеннен кейін «Фенербахченің» чемпиондық үшін күрестегі интригасы іс жүзінде аяқталды. Алайда еурокубок жолдамалары үшін тартыс енді қыза түсті.
Келесі маусымда Чемпиондар лигасында ойнауға мүмкіндік беретін екінші орынға «Трабзонспор» мен «Фенербахче» таласуда. «Фенербахче» 32-турда «Истанбул Башакшехирмен» кездеседі.
Эльдор Шомуродов бастап жүрген стамбұлдық клуб та еурокубоктар үшін күресті жалғастырып жатыр. Сондықтан олардың да мотивациясы жоғары.
Матч 22:00–де басталады. Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.