logo

Солтүстік дерби: «Шахтер U17» — «Астана U17» матчының трансляциясы

Солтүстік дерби: «Шахтер U17» — «Астана U17» матчының трансляциясы

Қарағандыда QJ League аясында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында солтүстік дерби өтеді. Турнир кестесінің көшбасшыларының бірі «Шахтер» мен әлі жеңіске жете алмаған «Астана» кездеседі.

Қарағандылықтар маусым басында екі ойында да жеңіске жетті — «Таразды» 1:0 есебімен, ал «Ертісті» 3:1 есебімен ұтты. Команданың үздік сұрмергені — өткен маусымда «Астана» сапында ойнаған Әли Садырбаев.

Енді үшінші турда Әли бұрынғы командасына қарсы алаңға шығады.

Ал «Астана» маусымды екі жеңіліспен бастады — «Каспийден» 0:2 және «Қайраттан» 0:5 есебімен ұтылды.

Матчтың басталуы — сағат 12:00.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі