«Арыстандар» мерзімінен бұрын чемпион атана ма? «Самсунспор» – «Галатасарай» матчының тікелей эфирі
Өткен турда «Фенербахчены» жеңген «Галатасарай» Суперлигадағы қатарынан төртінші чемпиондығын іс жүзінде қамтамасыз етті.
Енді тек бір қадам қалды — алдағы кездесуде үш ұпай еншілесе, «арыстандар» мерзімінен бұрын чемпионат жеңімпазы атанады.
Алайда стамбұлдықтарға оңай болмайды. Өз алаңында кез келген қарсыластан ұпай тартып алуға қауқарлы «Самсунспор» олардың жоспарын бұзуға тырысады.
Матч 22:00–де басталады. Тікелей трансляция sportplustv.kz телеарнасында көрсетіледі.