«Тараз U17» 3-турда сенімді жеңіске жетті (видео)
«Тараз U17» QJ league үшінші турында «Ертіс» командасының өз қатарластарын 4:1 есебімен жеңіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Жамбылдықтардың сапында Владимир Федотов дубль авторы атанса, Бекнұр Талғатов бір гол соқты. Тағы бір доп автогол ретінде тіркелді.
Павлодарлықтар сапында Николай Кузнецов мергендігімен көзге түсті.