Жұлдыз Ахметова ММА-дан Қазақстан чемпионы атанды (видео)

Қарағандыда ММА-дан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалы өтті, деп хабарлайды Sport+.
48 келі салмақтағы «алтын» үшін өткен жекпе-жекте алматылық Жұлдыз Ахметова мен Қарағанды облысының өкілі Назерке Елеубекова кездесті. Бұл айқаста Ахметова жеңіске жетіп, чемпион атанды.
Ал қола жүлдені Жамбыл облысының спортшысы Аружан Макатова иеленді.