logo

Аян Тұрсын Қазақстанда алғаш өткен қыздар арасында ММА жекпе-жегі туралы айтты

Аян Тұрсын Қазақстанда алғаш өткен қыздар арасында ММА жекпе-жегі туралы айтты

Қазақстандық ММА жауынгері Аян Тұрсын Қарағандыда өтіп жатқан аралас жекпе-жектен ел чемпионатының құрметті қонағы атанып, Sport+ телеарнасының эфирінде Қазақстан тарихында ММА-дан қыздар арасында алғаш жекпе-жек туралы айтып берді. 

«Қазақстанға ММА келмеген кезде, мені және қарсыласым өскенмендік Варвара деген есімді қызды алғашқы рет жекпе-жекке шығарған болатын. Бұл айқас Қарағанды қаласында өтті. Содан кейін ұлыттық құраманың бас бапкері менің өнерімді бағалап, жекпе-жектегі стилімді саралап, ММА федерациясы басшыларына мені Азия чемпионатына алып кетуге ұсынған еді. Сол жарыста нәтижеге қол жеткізгеннен кейін, Қазақстан чемпионатына қыздар арасында ММА жекпе-жектерін ресми түрде қоса бастады», — деді Аян Тұрсын.