logo

Аян Тұрсын OCTAGON чемпиондық белбеуін қорғау туралы: Қарсыласым аяқта тұрып ұрыс жүргізуді ұнатады, жақсы жекпе-жек көрсетеміз

Аян Тұрсын OCTAGON чемпиондық белбеуін қорғау туралы: Қарсыласым аяқта тұрып ұрыс жүргізуді ұнатады, жақсы жекпе-жек көрсетеміз

OCTAGON лигасының чемпионы Аян Тұрсын Sport+ арнасына берген сұхбатта алдағы жоспарлары туралы айтты.

«Мен 52 кг салмақта OCTAGON лигасының чемпионымын. Жоспар бойынша сәуір айында белбеуімді қорғаймын. Қарсыласым лигада екі жеңіске жетті, сондықтан басшылық оған мүмкіндік беруді шешті. Ол аяқта тұрып ұрыс жүргізуді ұнатады, мен де солай, сондықтан жақсы жекпе-жек болады деп ойлаймын», — деді Аян Тұрсын.

Чемпиондық жекпе-жек 19 сәуірге жоспарланған. Аянның қарсыласы — қырғызстандық жауынгер Фарида Абдуева.