«Жетісу» сапын екі тәжірибелі футболшымен толықтырды
Талдықорғандық «Жетісу» клубы 27-жасар қақпашы Данил Подымскиймен және 32-жасар жартылай қорғаушы Шоқан Абзаловпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстан Премьер-Лигасының 2025 жылғы маусымында Данил Подымский «Оқжетпес» сапында өнер көрсетіп, екі матчқа қатысып, сегіз гол жіберіп алды. Әр жылдары қақпашы «Алтай», «Каспий» және «Астана» клубтарының намысын қорғаған.
Шоқан Абзалов өткен маусымда «Тұран» командасында ойнады. Жартылай қорғаушы 20 матчқа қатысып, бір гол соқты. Бұған дейін Абзалов «Қайсар», «Байқоңыр», «Оқжетпес», «Қызылжар» және «Атырау» клубтарында доп тепкен.