logo

«Астана» ОЖЖ-на футболшылар тізімін жариялады

«Астана» ОЖЖ-на футболшылар тізімін жариялады

Елордалық «Астана» Астанада өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиындарына қатысатын футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық клубтың алғашқы жиындары 10–28 қаңтар аралығында өтеді. Тізімге 23 футболшы енгізілген.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен, Данила Карпиков, Йосип Чондрич, Имран Тұлақбаев;

Қорғаушылар: Санжар Ануаров, Бранимир Калаица, Карло Бартолец, Ян Вороговский, Алекса Аманович, Тимур Токенов;

Жартылай қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Марин Томасов, Иван Башич, Назми Грипши, Эльхан Астанов, Станислав Басманов, Арман Кеңесов, Руслан Валихан, Максат Абраев, Ахметали Қалтанов;

Шабуылшылар: Рамазан Каримов, Ннамди Аханону, Арсен Ахметов.

Айта кетейік, нигериялық шабуылшы Джеффри Чинеду мен гвинеялық жартылай қорғаушы Усман Камара жақын арада «Астанадан» кетеді. Сонымен қатар, жас қазақстандық жартылай қорғаушы Нурали Жаксылыктың мансабын Литва чемпионатында жалғастыруы мүмкін.



Күн шежіресі