«Жеңіс» ұлттық құрамаға үміткер футболшымен келісімшарт жасасты
Астаналық «Жеңіс» клубы 24 жастағы қазақстандық қорғаушы Мәди Хасейнмен келісімшартын ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Мади Талдықорған футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын 2018 жылы «Жетысу» дублінде бастаған. Әр жылдары «Жетысу», «Мактаарал» және «Қызылжар» командаларында өнер көрсеткен.
Өткен маусымда қорғаушы астаналық клуб атынан тек үш ойынға шықты, себебі жарақат салдарынан маусымның көп бөлігін өткізіп алды.