«Жеңіс» шабуыл шебін грузиялық легионермен күшейтті
Астаналық «Жеңіс» клубы 28 жастағы грузиялық шабуылшы Лука Имнадземен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лука Имнадзе — грузиялық «Гурия» клубының түлегі. Ол өз елінде «Сабуртало», «Колхети», «Рустави» және «Самтредиа» командаларында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, шабуылшы Әзербайжанның «Сабаил» клубында ойнады. Қазақстанда ол «Ақжайық», «Қызылжар» және «Ордабасы» клубтарының намысын қорғады.
Қазақстан Премьер-лигасында жалпы 106 матч өткізіп, 15 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.