«Галатасарай» «Кайсериспорды» сенімді түрде ойсырата жеңді (видео)
Түркия чемпионатының көшбасшысы өз алаңында «Кайсериспорды» ойсырата жеңіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу 4:0 есебімен аяқталды. 7-минутта-ақ Билал Баязит қорғаған қақпаға алғашқы гол соғылды — неміс қорғаушысы Арон Опоку допты өз қақпасына салып алды. 26-минутта Африка кубогынан оралған Виктор Осимхен пенальтиді сәтті орындады.
Екінші таймда Габриэль Сара мен Мауро Икарди есепті ірі жеңіске жеткізді.