«Жеңіс» легионермен қош айтысты

«Жеңіс» футбол клубы мен Эрдон Даци арасындағы келісімшарт тараптардың келісімі бойынша бұзылды, деп хабарлайды Sport+ клубқа сілтеме жасап.
Эрдон команда сапында төрт матчқа қатысып, «Ұлытауға» қарсы ойында бір гол соқты.
Шабуылшы Қазақстан Кубогы аясындағы «Ақтөбе» командасына қарсы ойында жарақат алып (тізе байламының үзілуі), ойынды жалғастыра алмады.
Клуб пен ойыншы арасындағы келіссөздерден кейін келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданды.