Қазақстандық бапкер төрт матчқа дисквалификация алды

2025 жылғы 22 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Sport+.
Отырыстың қорытындысы бойынша келесі шешім қабылданды:
2025 жылғы Қазақстан Республикасы футбол чемпионатының 5-туры аясында өткен «Ордабасы» — «Жетісу» командалары арасындағы матчта ресми тұлғаға қатысты қорлау сипатындағы сөздер қолдану түріндегі спортқа жат қылығы үшін, ДР-дің 45-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов 4 (төрт) матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2025 жылғы 20 сәуірден бастап есептеледі.