logo

«Жеңіс» футбол клубы «Милан» түлегін сапына қосты

«Жеңіс» футбол клубы «Милан» түлегін сапына қосты

Елордалық «Жеңіс» клубы 33 жастағы жартылай қорғаушы Александр Меркельмен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз мансабында Александр Меркель Италияның «Милан» (2010/2011 маусымының Италия чемпионы), «Дженоа» және «Удинезе» клубтарында, Англияның «Уотфорд», Швейцарияның «Грассхопперс» командаларында, сондай-ақ Германия, Сауд Арабиясы, Түркия, Нидерланд пен Аустрия клубтарында өнер көрсеткен. Жартылай қорғаушының соңғы клубы Дубайдың «Легентус» командасы болды.

Футболшының Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 3 матч өткізгені бар.



Күн шежіресі