«Жас Қыран U15» «Атлетиконы» жеңді (видео)
«Атлетико Мадрид» академиясы QJ League додасындағы алғашқы маусымын «Жас Қыранға» қарсы матчпен бастады.
Жасөспірімдер Алматыда кездесті. Матчтың есебі — 5:0, «Жас Қыранның» пайдасына. Айта кету керек, «Атлетико» чемпионатқа өзінен бір жас кіші құрамды шығарды.
Жеңімпаздар сапында голдарды Жарас Ерік, Алисұлтан Қанапия (дубль), Арман Серікбай және Мансұр Қуатұлы соқты. Ал Микаэль Ауду өз еншісіне 2 нәтижелі пас жазды.