Чемпион аутсайдерді қабылдайды: «Қайрат» — «Каспий» матчының тікелей эфирі
Қазақстан чемпионатының 6-туры аясында елдің қазіргі чемпионы әрі турнирлік кестенің көшбасшысы «Қайрат» соңғы орында келе жатқан «Каспийді» қабылдайды.
Алматылықтар екі апта бұрын өз алаңында «Астананы» 4:0 есебімен жеңіп, кейін Қостанайда ұпай жоғалтты — 1:1.
Ал «Каспий» Қазақстандағы бапкерін ауыстырған екінші клуб атанды. Сәтсіз басталған маусымнан кейін Пірәлі Алиев қызметінен кетіп, оның орнына Ерлан Шойтымов келді. Ерлан Дарханұлы үшін Алматыдағы бұл ойын жаңа қызметтегі алғашқы матч болмақ.
Алматыдағы матч сағат 18:00–де басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.