Күміс жүлдегер «Ордабасы» маусымды бастайды: «Ордабасы U18» – «Ақтөбе U18» матчының тікелей эфирі
Өткен жылы «Ордабасы» U-17 турнирінде сенімді түрде күміс жүлдеге ие болып, чемпион «Қайратты» маусымдағы жалғыз жеңіліске ұшыратқан еді.
Енді бір жасқа есейген шымкенттік команда (2009 жылдан ерте туған ойыншылар) QJ League-тің төртінші маусымында өнер көрсетуді бастайды. Алғашқы қарсылас — Ақтөбедегі құрдастары.
Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді, сондай-ақ трансляция sportplustv.kz сайтында да қолжетімді болады.
Матчтың басталуы — сағат 16:00.