Sport+ пен Freedom QJ League ынтымақтастығын жалғастырды
Sport+ медиатобы мен Freedom QJ League жасөспірімдер футбол лигасы Қазақстандағы жасөспірімдер футболын бірлесіп дамыту бағытында ұзақ жылдар бойы табысты ынтымақтастық орнатып келеді.
Тараптар лиганың төртінші маусымына арналған өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қою арқылы серіктестікті ресми түрде бекітті.
Бұл келісім жас қазақстандық футболшыларды және лига жұмысының нәтижелерін медиатоптың ресурстары арқылы ілгерілетудегі маңызды қадамға айналды.
QJ League жасөспірімдер лигасы бүгінде жас таланттарды дамытуға арналған негізгі алаңдардың бірі болып отыр. Жыл сайын лига жаңа жас жұлдыздардың есімін танытып келеді. Әр жылдары лигада Дастан Сатпаев, Жасулан Әмір, Максат Абраев, Азамат Туяқбаев және басқа да ойыншылар өнер көрсетті. Ал осы маусымда алғаш рет А дивизионында U15-тен U18-ге дейінгі төрт жас санатындағы командалар бақ сынайды. Осылайша, В дивизионы мен қыздар арасындағы чемпионатты қоса алғанда, төртінші маусымда жарыстар 6 түрлі лигада өтеді.
Серіктестік аясында тараптар лига матчтары мен жобаларын ақпараттық тұрғыда кеңінен сүйемелдеуді, арнайы контент әзірлеуді, сондай-ақ медиатоптың мүмкіндіктері арқылы жасөспірімдер футболының медиакеңістіктегі үлесін арттыруды жоспарлап отыр.