logo

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті отандастар!

Біздің телеарна мен сайттың алғашқы толыққанды жылы аяқталып келеді, және бәздер мақтанышпен бұл жылдың біз үшін шынымен сәтті болғанын айта аламыз. Біз бірегей медиа жобаны құру туралы амбициялы идеямен бастаған едік, және бүгінгі таңда мен біздің бір шаңырақ астына мықты мамандар мен шынайы жанкүйерлерді жинағанымызды мақтанышпен жариялай аламыз.

Өткен жыл ішінде біз көптеген спорттық контент ұсындық, журналистеріміз жан-тәнімен жасаған авторлық мақалалар мен бағдарламаларды көрермен назарына ұсынды. Біз ММА лигалары, сондай-ақ бокс, таэквондо, теннис және бәйге федерацияларымен жемісті әріптестік орнатқанымызды мақтан тұтамыз. Сонымен қатар, футболға арналған контент те біздің сайт пен экранда ерекше орын алды.

Біздің аудитория – біздің басты құндылығымыз. Құрметті отандастар, біз сіздер үшін әрі қарай дамып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз.

Келесі жылға үлкен жоспарларымыз бар: тікелей трансляциялар санын арттыру, бірегей контентті көбейту, қызықты мақала санын арттыру және отандық спортқа ерекше көңіл бөлу.

Sport+ ұжымы атынан сіздерге алғыс білдіреміз: бізбен бірге болғандарыңыз үшін, қолдауларыңыз бен шынайы қызығушылықтарыңыз үшін рақмет. 2025 жыл сіздерге бақыт, денсаулық және жаңа спорттық жетістіктер әкелсін!

Жаңа 2025 жыл құтты болсын!