Жамбы ату: Батыр Бексауыт күміс алды

Жамбы ату: Батыр Бексауыт күміс алды

Бүгін – жамбы ату спортының соңғы жарыс күні, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бүгін отандасымыз Батыр Бексауыт жамбы стилінен күміс жүлде алды. Бұған дейін ол Азия стилінен алтын медаль иеленген еді.

Түркістан облысынан келген спортшы агенттік тілшісінің сауалдарына жауап беріп, көңіл-күйімен бөлісті.

«Жамбы атумен 2018 жылдан бері айналысып келемін. Бұл дүбірлі додадан алтын және күміс бұйырды. Жаман нәтиже емес сияқты. Бағасын халық берер. Бастысы – ұлттық спорттың насихатталуы. Жарысқа жанкүйерлер зор қызығушылық танытқанын аңғардым. Ұлттық спортты қолдау шаралары жалғасын тапса, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде ұтарымыз мол болмақ», - деді ол.