Жалғас Жұмағұлов: Қабдрахмановқа денеге көбірек аяқпен соққы жасауға кеңес бердім

Чемпиондық жекпе-жек кезінде Нұрбек Қабдрахманов пен Бағлан Жеңісұлының арасында өткен кездесуде UFC-дің бұрынғы файтері Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та жүріп, телефон арқылы Нұрбектің бұрышына кеңес беріп отырды. Ол байланыста Бағдат Жұбанышпен болған.
«Нұрбекке денеге көбірек аяқпен соққы жасауға, қарсыластың джебінен кейін дереу жауап беруге немесе өтуге кеңес бердім», — деді Жұмағұлов.
Нұрбек жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, NAIZA лигасындағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.