logo

Үстел теннисінен Қазақстан командасы Азия кубогын тәмамдады

Үстел теннисінен Қазақстан командасы Азия кубогын тәмамдады

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Азия кубогында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша біздің спортшылар 1/8 финалға өте алмады.

Кирилл Герасименко өз тобында үшінші орын алды. Сарвиноз Миркадирова мен Зәуреш Ақашева төртінші орынмен жарысты аяқтады.

Герасименко іріктеу кезеңінен өту мүмкіндігіне ие болды, бірақ шешуші ойында оңтүстіккореялық Ан Джэхёнге жол берді.
Бөлісу