«Ордабасы» футболшылары «Торпедо» қақпасына үш гол соқты, бірақ жеңіліп қалды

Шымкенттік «Ордабасы» УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңін сырт алаңдағы матчпен бастады, деп хабарлайды Sport+.
Қарсыласы Кутаиси қаласының «Торпедо» командасы болды.
Кездесу 4:3 есебімен грузиндердің пайдасына аяқталды. Шымкенттік команда сапынан Лука Имнадзе, Михай Кэпэцина және Сағадат Тұрсынбай гол соқты.
Жауапты матч бір аптадан кейін өтеді.