Дмитрий Шомко: Джолчиевтің басты мәселесі – оның басы

«Астана» футбол командасының қорғаушысы Дмитрий Шомко Sport+ телеарнасына берген сұхбатында бұрынғы командаласы Бауыржан Джолчиевтің басты мәселесін атап өтті.
— Джолчиевтің басты мәселесі — басы. Ол орнында болмады. Шынымен де, ол — топ ойыншы еді. Кімді сұрасаңыз да, бәрі Джолчиевтің керемет футболшы болғанын айтады. Бірақ не болғанын білмеймін — ақша ма, атақ па, әлде басқа нәрсе ме — білмеймін. Бұл сұраққа жауабым жоқ. 2015 жылы адам Чемпиондар лигасында ойнап жүріп, 2016–2017 жылдары футболшы болудан қалады — мұны түсіне алмаймын. Бұл қалай мүмкін? «Астанада» ойнай бер, ақша маңызды емес, меніңше, ол кезде жағдайы жаман болмаған, содан кейін қайда барғың келсе — Еуропа ма, Ресей ме — бара бер.
Шомконың толық сұхбатын төменнен көруге болады.