Габи Кикидің агенті: «Крылья Советовпен» келіссөздер жүріп жатыр, бәрі жақсы аяқталуы керек

«Ақтөбе» қорғаушысы Габи Кикидің мүддесін қорғайтын агент Мамука Ломидзе оның клиентінің ресейлік «Крылья Советов» клубына ауысуына қатысты келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап.
Осы маусымда Кики Қазақстан чемпионатында 10 матч өткізіп, бір гол соқты.
«Келіссөздер расымен жүріп жатыр. Қазір Кики „Легияға“ қарсы матчта көмектесуі керек, содан кейін бәрі анық болады деп ойлаймын. Нүкте қойылады. Бірақ қызығушылық бар екені анық. Бәрі сәтті болуы керек. Футболшының өзі де „Крыльяға“ ауысуға мүдделі», — деді Ломидзе «СЭ» басылымына.