«Тұран» қазақстандық қорғаушыны қатарына қосты

Түркістандық «Тұран» 27 жастағы қазақстандық қорғаушы Рауан Орынбасармен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады Sport+.
Рауан Орынбасар — Талдықорған футбол мектебінің түлегі. Жуырда ол павлодарлық «Ертіс» командасынан кеткен болатын.
Қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында жалпы 34 матч өткізген.
Ол Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) сапында өнер көрсетіп, Ұлттық құрамада 1 ойын өткізді.