logo

«Ертіс» Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысын қатарға қосты

«Ертіс» Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысын қатарға қосты

Павлодарлық «Ертіс» 28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильевпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

28 жастағы жартылай қорғаушы — «Шахтер» футбол клубының түлегі, дәл осы командада кәсіби мансабын бастаған. Қазақстанның әр аймағынан келген 26 жас ойыншымен бірге бразилиялық «Оле Бразил» академиясында тәлім алған. Туған клубы «Шахтер» сапында Премьер-лигада 17 жасында дебют жасап, Қазақстан чемпионатында жалпы 59 матч өткізіп, 3 гол соқты.

Қостанайлық «Тобол» сапында 2022 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері атанса, 2023 жылы шымкенттік «Ордабасы» құрамында ел чемпионы болды.

Васильевтің шетелдік тәжірибесі де бар: Өзбекстан чемпионатында «Андижан» командасының намысын қорғады. Алайда, мансабының басым бөлігін Беларусь елінде өткізді. Оның еншісінде Беларусь чемпионатында 93 матч пен 15 гол бар. Ол «Энергетик-БГУ», «Рух Брест», «Динамо Минск», «Минск» және «Динамо Брест» сияқты Жоғарғы лига клубтарында ойнады. 2019 жылы «Динамо-Брест» құрамында Беларусь чемпионы атанды. Дәл осы клубтан ол павлодарлық «Ертіске» ауысты.

Владислав Васильев Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 12 матч өткізген.



Күн шежіресі