«Астана» «Жетісуді» жеңіп, чемпионат кестесінде бірінші орынға қайта оралды

Талдықорғанда Қазақстан чемпионатының 15-туры аясында «Жетісу» мен «Астана» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Қонақтар Назми Грипша мен Джеффри Чинедудің голдарының арқасында 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Бұл жеңіс Григорий Бабаянның командасына ҚПЛ турнир кестесінде бірінші орынға қайта оралуға мүмкіндік берді.