Қазақстандық футболдың аңызы «Ордабасы» футбол клубының спорт директоры болып тағайындалды

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубында кадрлық өзгеріс орын алды. Клубтың жаңа спорт директоры қызметіне Қазақстан құрамасының бұрыңғы шабуылшысы Таңат Нөсербаев тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.
Бұған дейін бұл лауазымды атқарып келген Қайрат Әшірбеков клуб жүйесінде жұмысын жалғастырады. «Ордабасы» футбол клубы Қайрат Әшірбековке сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметінде табыс тіледі.