«Елімай» ресейлік футболшымен қош айтысты

Семейлік «Елімай» клубы 26 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Роман Тугаревтің командадан кеткенін хабарлады, деп жазады Sport+.
Бұған дейін Роман Тугарев «Локомотив», «Ростов» және «Торпедо» секілді клубтардың намысын қорғаған. Ол семейлік клубтың қатарына биылғы жылдың қысында қосылған болатын.
«Елімай» сапында футболшы барлығы 15 матч өткізіп, 1 голдың авторы атанды.