Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Тұранға» ауысты

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы, 36-жасар жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев түркістандық «Тұран» клубында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.
Биылғы маусымды Аслан Дарабаев көкшетаулық «Оқжетпес» құрамында бастап, Қазақстан чемпионатында 12 матч өткізді.
Сонымен қатар, Дарабаев Қазақстан ұлттық құрамасында 24 матчқа қатысып, 1 гол соқты.