Елена Рыбакина Дубайдағы турнирдің финалына бір қадам жетпей тоқтады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Дубай турнирініңфиналына өте алмады, деп хабарлайды Sport+.
Ол жартылай финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Мирра Андрееваға 4:6, 6:4, 3:6есебімен жол берді.
Енді Рыбакина АҚШ-тағы турнирлер сериясына аттанады. Наурыз айында Индиан-Уэллс пен Майамиде WTA 1000 санатындағы екі апталық «Мастерс» турнирлері өтеді.
Өткен жылы Рыбакина Майами финалына дейін жетіп, шешуші ойында америкалық Дэниель Коллинске жеңілген болатын.