Рауан Бекболат BRAVE лигасында титулдық жекпе-жекке шыққалы отыр

Қазақстандық ММА спортшысы Рауан Бекболат Brave лигасында титулдық жекпе-жекке шыққалы отыр, деп хабарлайды Sport+.
19 қыркүйекте өтетін жекпе-жекте Рауанға қарсы украиналық Омар Соломанов шығады.
Бұл қос спортшы арасындағы екінші кездесу болмақ — алғашқы жекпе-жекте Бекболат қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңген еді.