«Астана» Черногория құрамасының шабуылшысымен келісімшартқа отырды

Черногория құрамасының 28 жастағы вингері Дритон Цамай «Астана» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+.
Дритон Цамай — Подгорица қаласындағы «Будучност» клубының түлегі. Бұған дейін ол Хорватияның «Интер Запрешич» клубында, Черногорияның «Дечич», «Ловчен», «Искра» клубтарында және Венгрияның «Кишварда» командасында ойнаған.
Цамайдың соңғы клубы — венгриялық «Кечкемет» болды.