logo

Үстел теннисінен Астанадағы мықтылар турнирі аяқталды

Үстел теннисінен Астанадағы мықтылар турнирі аяқталды

Астанада үстел теннисінен Қазақстанның ең мықты спортшылары бас қосқан турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа ұлттық рейтингте жоғары тұрған 12 ер және 12 әйел спортшы қатысты.

Жеңіс тұғырының биік сатысына халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан ұлттық құрамасының үстел теннисшілері Айдос Кенжіғұлов пен Зәуреш Ақашева көтерілді.

Ерлер

1-орын — Айдос Кенжіғұлов (Алматы)

2-орын — Санжар Жұбанов (Алматы)

3-орын — Ырысбек Артукметов (Шымкент)

Әйелдер

1-орын — Зәуреш Ақашева (Қарағанды)

2-орын — Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды)

3-орын — Әнел Бақыт (Алматы)



Күн шежіресі