«Ұлытау» жеңіс жолына қайта оралды (видео)
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында «Ұлытау» өз алаңында «Қайсарды» 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудегі жалғыз голдың авторы — жапониялық Хироки Харада.
Осылайша, Нұркен Мазбаевтың шәкірттері қатарынан екі жеңілістен кейін жеңіс жолына қайта оралып, турнирлік кестедегі көшбасшылар тобына қайта қосылды.