«Алтай» сырт алаңда «Жетісуды» жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді (видео)

«Алтай» сырт алаңда «Жетісуды» жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді (видео)

Өскеменнің «Алтай» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясындағы сырт алаңдағы кездесуде «Жетісуды» 1:0 есебімен жеңді.

Матчтағы жалғыз гол 6-минутта соғылды. «Алтай» сапындағы Ибрагим Дадаев пенальтиден дәл соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, өскемендік ұжым сырт алаңнан маңызды үш ұпай еншілеп, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.



Күн шежіресі