«Елімай» колумбиялық шабуылшы келісімшартқа қол қойды

«Елімай» колумбиялық шабуылшы келісімшартқа қол қойды

Семейдің «Елімай» футбол клубы 24 жастағы колумбиялық шабуылшы Роджер Мурильомен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Роджер Мурильо — Колумбия футболының түлегі. Кәсіби мансабында өз елінің бірнеше клубында өнер көрсеткен ол кейін Словенияның «Приморье» клубына ауысып, Еуропадағы мансабын жалғастырды.

Соңғы екі маусымда шабуылшы барлық турнирде 45 матч өткізіп, 11 голдың авторы атанды.

Айта кетейік, колумбиялық футболшы енді «Елімай» сапында Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді.



Күн шежіресі