UFC-де өнер көрсеткен қазақ NAIZA-ның Қытайдағы турнирінде Рафиковтың орнына шығады
NAIZA лигасы UFC ұйымында 29 жекпе-жек өткізіп, Хабиб Нұрмағомедов, Ислам Махачев және өзге де атақты файтерлермен октагонда кездескен UFC-дің бұрынғы жауынгері Глейсон Тибауға (39-19) жаңа қарсылас жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Бейжіңде өтетін турнирде Тибауға қарсы UFC-дің тағы бір бұрынғы спортшысы, Қытайдағы этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (39-12) жекпе-жек өткізеді.
Бұған дейін бразилиялық файтермен қазақстандық Фаниль Рафиков кездесуі тиіс болған. Алайда ол мойын омыртқасындағы жарыққа байланысты ота жасатып, енді ұзақ уақыт бойы қалпына келу кезеңінен өтеді.
Бейжіңдегі турнир 8 тамыз күні өтеді.