УЕФА Даму турниріне қатысатын Қазақстан U-15 құрамасына шақырылған ойыншылар

УЕФА Даму турниріне қатысатын Қазақстан U-15 құрамасына шақырылған ойыншылар

15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 13-19 қыркүйек аралығында Сербияның Стара-Пазова қаласында өтетін УЕФА Даму турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа Қазақстаннан бөлек Сербия, Түркия және Ресейдің жасөспірімдер құрамалары қатысады.

Қазақстан U-15 құрамасы турнирдегі алғашқы матчын 14 қыркүйекте Түркияға қарсы өткізеді. 16 қыркүйекте жасөспірімдеріміз Сербиямен кездессе, 19 қыркүйекте Ресейге қарсы ойын өткізеді.

Қақпашылар: Кирилл Писарев («Оқжетпес»), Даниил Маракшин («Қайрат»), Артур Аникеев («Родина», Ресей).

Қорғаушылар: Аслан Әбдуғани, Нұрали Сағындық, Заңғар Алпысбаев, Нұрасыл Айдос (бәрі — «Атлетико Қазақстан» академиясы), Мадияр Надир, Максим Тян (екеуі де — «Қайрат»), Емел Ибрагим («Ордабасы»), Тимофей Афельченко («Ертіс»), Ұлан Қорғанбай («Жас Қыран»).

Жартылай қорғаушылар: Мирон Ищенко, Расул Самаев, Ислам Алшынбаев, Арман Батырхан, Абрахим Аманғалиев (бәрі — «Атлетико Қазақстан» академиясы), Диас Әбубәкір, Артем Тян (екеуі де — «Қайрат»), Ғабидолла Оразалы («Валенсия», Испания), Әлижан Әміртаев («Тобыл»), Мерали Әлібекұлы («Ордабасы»), Арнұр Батырай («Шахтер»).

Шабуылшылар: Ахмет Тұран Жошкун («Атлетико Қазақстан» академиясы), Милан Надрышин (екеуі де — «Ақтөбе»), Абылай Тұрсын («Қайрат»).

Жаттықтырушылар штабы: Әнуар Жағыппар — аға бапкер, Юрий Мархель — аға бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан — дене даярлығы бапкері, Алексей Булучевский — қақпашылар бапкері, Еркебұлан Нұралиев — дәрігер, Нұрбол Абатаев — массажист, Абылайхан Құрбанәлі — менеджер.

Қазақстан U-15 құрамасының матчтар кестесі:

14 қыркүйек
Қазақстан — Түркия

16 қыркүйек
Сербия — Қазақстан

19 қыркүйек
Ресей — Қазақстан

Турнирдегі барлық матч Стара-Пазова қаласында өтеді.



Күн шежіресі