Қазақстан ашық суда жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайды

Ашық суда жүзуден Аргентинаның Санта-Фе қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды:

— Саида Елемес;

— Ярослав Губарев;

— Тимофей Лебедев;

— Руслан Максимов;

— Дарина Сысоева.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 3-6 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыс бағдарламасына 5, 7,5 және 10 шақырымдық қашықтықтар, 3 шақырымдық нокаут-спринт, сондай-ақ аралас эстафеталар енгізілген.



Күн шежіресі