Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді

Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы маусым айында Беларусь құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Матчар Беларусьте өтеді. Алғашқы матч 5 маусым күні Барановичи қаласындағы стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 19:00–де басталады. Екінші кездесу 8 маусымда Минск қаласындағы «Трактор» стадионында өтеді. Матчтың басталуы — 20:00.

Қазақстан жастар 30 мамырда Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынына жиналады. 



Күн шежіресі